Кәріз жүйесімен Түркістан қаласының 16 пайызы ғана қамтылған

195

Ұятты жағдай. Түркістан қаласындағы кәріз жүйесі туралы облыс әкіиі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Орта ғасырларда әлемде теңдесі жоқ монша болған қала 21 ғасырда кәріз жүйесімен 16 пайызға ғана қамтылған.

Өңір басшысы бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында қосымша кәріз жүйлерінің құрылысына қаржы бөлуді тапсырды. Түркістан облысындағы елдімекендерді ауызсумен және ағынсумен қамту саласы бойынша биыл 17,2 млрд. теңге бөлінген. Қаржының басым бөлігі облыстық бюджеттен.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Түркістанда кәріз жүйесімен қала аумағының 16 пайызы ғана қамтылып отыр. Бұл  облыс орталығы Түркістан үшін ұятты жағдай. Кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткішін  биыл жылдың соңына дейін 40 пайызға,  келер 2021 жылы 100 пайызға  жеткізуді жоспарлап отырмыз».

Шынар Оразова