Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Леңгір машина жасау зауытын қайта жандандыру процесі жүріп жатқанын хабарлады.
Кәсіпорынды іске қосу мақсатында 2 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылған. Нәтижесінде өндіріс орнында 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл жоба жүзеге асса, тек қалалықтар емес, Леңгірге жақын орналасқан ауылдардың азаматтары да жұмысқа тартылады.
Қазір зауыт ғимаратының сыртын қаптау жұмыстары жүргізілуде. Жабдықталған кәсіпорын жақын арада іске қосылмақ.
Шынар Оразова