Сайрамда 42 нысан заңсыз салынған

188

Аудан орталығында және ауылдарда өз бетінше заңсыз салынған 42 нысан анықталған. Оның 21-і «қызыл сызықта» орналасқан.

Заң талаптарына сәйкес 20 нысан иесіне әкімшілік шара қолданылды. Ақсукент ауылындағы 11 «қызыл сызыққа» орналасқан нысан сотқа беріліп, 9-н бұзуға сот шешімі қабылданды. Бұл туралы аудан әкімі Ұласбек Сәдібектің есептік жиынында айтылды.

«Осындай заңсыздықтарға жол бермеу үшін кәсіпкерлік нысандар құрылыстарын бастамас бұрын құжаттарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу қажет» дейді билік өкілдері.

Мақпал Рысбаева