Созақ ауданында магистралды газ құбырының құрылысы басталды

185

Созақ ауданында магистралды газ құбырының құрылысы басталды. Бұл турасында аудан әкімі Салыхан Полатов мәлімдеді. 2019 жылды қортындылаған аудан басшысы жиналған жұршылық алдында жоспарларымен бөлісіп, бір талқыға салып алды.

Мәдениет үйіне жиналған халық алдында сөз алған Салыхан Полатов өткен жылы атқарылған жұмыстарын сала салаға бөліп түсіндіріп берді. Шолаққорған ауылының ішкі жүйелерін бастау үшін облыстық бюджеттен 100 млн. қаржы бөлінетіні жергілікті тұрғындарды ерекше қуантты.

Бүркіт АРЫНБЕКОВ, Ардагерлер кеңесінің төрағасы
«Есеп беру кезеңі жаңа форматта өтіп жатыр. Түбегейлі дайындық. 2019 жылы атқарылған жұмыстар түгелдей қамтылған. Алдағы жұмыстар одан да көп. »
Жиналған жұрттың арасында шешемін таппай тұрған мәселелерде ортаға салынды. Жарықтандыру, жолға байланысты төтесінен қойылған сұрақтарға жауапты басшылары барынша жауап беруге тырысты.

«Ауылдағы кемпір шалды шулатпай, мұғалімдерге қол қойдырып сіздің атыңызға хат жолдағамыз. Арманымыз сол, трансфарматорды өзгертіп, балалардан аулақ қылып бөлек ұстау. Құрманәлі тағыда свет бойынша, ол жерді жөндеп едіңдер го сендер, Саке бұл кісі трансфарморды ауыстырып бер дейі, басқа жақа. еді оны зерттеп көрейік, неге ауыстырмайсыңдар? Бұл бірінші рет айтып отыр. Ол жылда айтамыз деп отыр. Давай барыңдар көріңдер, орын ауыстыру деген не ол қиын емес?».

Сондай-ақ, аудан бойынша 35 елді мекеннің 23-іне орталықтандырылған ауыз су құбыры жүргізілген. Шолаққорған ауылдық округінің Теріскей мөлтек ауданын тәулігіне 24 сағат сумен қамту мақсатында облыстық бюджеттен 234 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, жабдықтау жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, өткен жылы ауданға тартылатын магистралды газ құбырының құрылысы басталған болатын. Аталған жобаға 2020 жылға 2,6 млрд теңге қаржы қаралып, құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүргізіліп келеді.

Ғалымжан Кенжебек