Түркістан қаласының іргесіндегі «Отырар» шағынауданда әлеуметтік дүкен ашылды.
Мұнда азық-түлік тауарларын арзан бағамен сататын дүкен де бар. Бөлке нанның бағасы — 75 теңге. Мухитдин Бағаналиев, Түркістан қаласының тұрғыны: «Мен ағымдағы жылы ақпанның 6 -на көшіп келдім. Батыр әкемін. Біздің үйде бірінші, екінші топтағы мүгедектер тұрады. Әлеуметтік дүкен ашылғаны жақсы болды. Жұма күні адам басына екі таба нан тегін беріледі. Ауыл шаруашылық өнімдері базардағы бағадан 15-30 пайыз төмен бағада сатылады. Қолдау жақсы».
«Жылдың соңына дейін шағынауданында ірі сауда орталығы ашылмақ. Онда азық түлік тауарларын әлеуметтік бағада сататын сауда қатары да болады»,- дейді қала басшылары.