9 баланың анасы 200 мың теңге айлық алуды армандайды

175

Ұлболсын Телемісова Шымкенттегі көрпе фестке Қазығұрттан арнайы келген. 9 баланың анасы көрпе тігуді қызын тұрмысқа берерде үйренген екен.

Бүгінде 6 қыз тәрбиелеп отырған ол осылайша тігіншілікті кәсіпке айналдырып алдым дейді. Ал, бүгінгі шараны алтын алқа иегері жас кәсіпкерлерге берілген мүмкіндікке балайды.

Ұлболсын Телемісова, жас кәсіпкер:»Көрпе фестке Қазығұрттан келдім. Осыдан бір жыл бұрын қызымды тұрмысқа берген едім. Және жасаудың қымбат түсетінін түсініп, өзім тігуді қолға алдым. Қолымнан келген сияқты. Енді ісмерлікті кәсіп етіп келіп жүр. 9 баламыз болғаннан кейін, бір күйеуімнің айлығы барлығына жете бермейді. Айына 200 мың теңге тапсам деп армандаймын.»

Назерке Үкібасова