Арыстағы жарылыстан кейінгі жымқыру…

56

Патрондарды жойып жүріп, бюджетті тонаған. Арыстағы оқ-дәрілерді жою кезінде 1,7 миллиард теңге ұрланған. Экономикалық тергеу департаменті «Қазтехнологиялар» ұйымында 1,7 миллиард теңгені жымқыру дерегіне қатысты іс қозғады.

Арыс және Отар әскери бөлімдеріндегі оқ-дәрілерді жоюға бөлінген миллиардтар қалтаға басылған. «Қазтехнологиялар» ұйымы оқ-дәрілерді жоюмен және оқ шығарумен айналысады. Компанияның жалғыз акционері – «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы.

Жымқыру дерегі 2013 жылдан бері жүзеге асқаны белгілі болды. Бұл компания басшылығына байланысты қылмыстық істің толық деректері әзірге тергеу амалдарына орай жарияланбай отыр.

Болат Қамитов, Экономикалық тергеу департаменті бірінші тергеу басқармасының басшысы: «Қазтехнология» акционерлік қоғамында лауазымды тұлғалардың 1,7 миллиард теңге жымқырғаны анықталды. Бұл заңсыз әрекет оқ-дәрілерді жою барысында жүзеге асқаны белгілі болды».

Мақпал Рысбаева