Еңбекші аудандық прокуратурасы мектеп медицинасын бақылауға алды

396

Шымкентте мектеп медицинасын прокуратура қадағалайтын болды. Бақылаушы орган өкілдері бұдан былай жаңа ақпараттық жүйе арқылы оқушылар арасында орын алған құқық бұзушылық әрекеттерді дер кезінде анықтап, тиісті уәкілеттік органдардың жұмысына баға беріп отырады.

Тіпті бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы прокуратура өкілдері мектеп медицинасына бөлінген қаржының тиісті мақсатта жұмсалуын да қатаң бақылауға алмақ.

Оқушылардың денсаулық жағдайына салғырттық танытқан медицина қызметкерлері мен мектеп әкімшілігінің әрекетіне бұдан былай прокуратура өкілдері бірден баға беріп отырады. Бұл үшін бақылаушы орган өкілдері денсаулық сақтау және білім саласының қызметкерлерімен бірыңғай жаңа жүйе арқылы жұмыс істеуде.

Электронды форматта іске асатын ақпараттық жүйе арқылы уәкілетті органдар бірлесіп жұмыс жасап, оқушылар арасындағы суицид, ерте жүктілік сынды құқық бұзушылық әрекеттерді алдын алмақ. Жақында ғана қосылған ақпараттық жүйенің іске асуы өз нәтижесін беріп үлгенрді дейді прокурорлар.

Нұрлан Қайназаров, Еңбекші аудандық прокуратурасының аға прокуроры: «Бұл жобаның негзігі мақсаты – мектеп қабырғасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Біз бірыңғай жүйе арқылы оқушылар арасындағы ерте жүктілік, суицид сынды әрекеттердің алдын алмақпыз. Мәселен жақында мектепте бір оқушы өз өзіне қол жұмсауға дейін барған… Оқушының суицидке бармауын алдын алу үшін емхана қызметкерлері жұмыс істеді. Оқушы қыз бала үйде туған ағасы ұрып соғатынын айтқан. Оқушы қызбен сұхбаттасқан мамандар тиісті көмегін ұсынып, нәтижесінде оқушы қыздың псхологиялық жағдайы жақсарды».

Бұдан бөлек, прокуратура қызметкерлері мектеп медицинасына бөлінетін қаржының тиісті мақсатта жұмсалуын да тікелей бақылауына алмақ. Оқушылардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 1 млрд. теңгегежуық қаржы бөлінген. Салаға жауаптылардың сөзінше, жаңа жүйе мектеп медбикелерінің жұмысын да жеңілдетеді. Бұрын әрқайсысына мың оқушы бекітілсе, енді 500-ге дейін азаяды.

Анастасия Вадалажская, 14-емдеу орталығының мектеп медицина бойынша бөлім меңгерушісі: «Денсаулық сақтау басқармасы қаладағы 36 мектепке жаңа медициналық ақпараттық жүйе енгізді. Жобаны емхана, прокуратура, ТЖД, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия бірлесе іске асыруда. Балалардың сабаққа қатысуы да қатаң бақыланбақ. Бала денсаулығына байланысты сабаққа келмесе, бірден жергілікті емханасына хабар береміз».

Дегенмен жаңа ақпараттық жүйе қаладағы барлық мектептерге енгізілмеген. Әзірге Еңбекші аудандық прокуратура қызметкерлері қаладағы 36 мектеппен бірлесіп, жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуді бастады.

Лаура Нақыпқызы