Газ беру тоқтатылмайды, бірақ өсімпұл мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ

121

Газ шаруашылығы мекемесі аумағына кіре алмай тұрған мына азаматтар тұтынған табиғи газ үшін түбіртекте көрсетілген сомалармен келіспейтіндер.

Төтенше жағдайда үйлерінде отыра алмаған тұтынушылар төлемдерді айма-ай өтемесек, өсімпұл мен айыппұл қосылады дейді.

«Шымкент қаласының тұрғыны Берік Бекназаров, қаңтар айына 146 мың теңге төлем жасағанын айтады. Қолында түбіртегі де бар. Алайда наурыз айына қайтадан 207 мың теңгеге түбіртек келген. Тұтынушы бір тұтынған көгілдір отынға екі рет төлейтін ақымақ емеспін»,- дейді.

Жайна Алысбаева 21-ші  наурыздан бері «Қазтрансгазға» кіре алмай жүргенін айтады. Алдын мереке деді, кейін карантинге жауып қойды. Үсті-үстіне жазуды қашан қояды. Төлемдерді қазір реттеп алмасақ, ертең өсімпұл дейді одан қалса көгілдір отынды өшіріп тастаса не істейміз, дейді Игілік ауылының тұрғыны.

Ал, монополист мекеме өкілдері елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде тұрғындарға газ беруді тоқтатылмайтынын айтты. Ал өсімпұлға қатысты әлі шешім қабылданбағанын айтады.

Шынар Оразова