Шымкентте қауіпті дертті жұқтырған азаматпен байланыста болғандардың барлығы оқшауланды

98
inform.kz

Бүгін Шымкентте COVID-19 диагнозымен алғашқы жағдай тіркелді. Белгілі болғандай, 24 жастағы жігіт 20 наурызда Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен келген. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық және онымен байланыста болғандар да оқшауландырылған.

Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев Шымкенттегі шұғыл брифингте хабарлады. Сонымен қатар, ол ешқандай дүрбелең туғызудың қажеті жоқ екенін айтып, сабырға шақырды.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Варзилов: «Бүгінгі таңда Шымкентте анықталған науқас қалалық инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Байланыста болғандар да оқшауланды. Қала тұрғындарына төтенше жағдай талаптарын сақтауда мұқият болуды өтінеміз. Жағдайға байланысты барлық шараларды атқарамыз, қауіпті дерттің ары қарай ушығуы болмайды деген үміттеміз», – деді.