Төлеби ауданында шатырлы блок-бекет жұмыс атқаруда

81

Төлеби ауданының аумағына Шымкенттен кіреберіс тұста, яғни, Абдулла Абад елді-мекенінде шатырлы блок-бекет қойылды. Тәртіп сақшылары мен медицина мамандарынан құралған топ арлы-берлі өтіп жатқан автокөліктерді тексеруде.

Жолаушылардың дене қызуын өлшеп, көлік доңғалақтарын дезинфекциялауда. Салдарынан ұзын-сонар кептеліс пайда болған.