Той салондарының иесі: «Шығынға баттық»

326

Той саласында нәпақа тауып жүргендердің бірі – Нұрсұлтан Мейманов. Қалыңдық көйлектерін жалға беретін кәсіпкердің өзі де дүкенді жалға алады. Енді екі ай көлемінде қалыңдық көйлегіне сұраныс болмайтынын білген ол салықты қалай төлерін білмей дал.

Нұрсұлтан Мейманов, жеке кәсіпкер: «Мен жалға тұратын дүкен өз жұмысын тоқтатпайды. Бірақ, енді біздің саудамыз жүрмейтінін ескерсек, салықты қалай төлейміз? Бізге салық төлеуді тоқтатпайсыңдар дейді. Жалдап тұрған бутик үшін мен айына 225 мың теңге төлеймін. Біз шығынға баттық».

Еске сала кетейік, өткен аптада мемлекет басшысы Қазақстанда төтенше жағдай жариялаған еді. Содан бері мемлекеттік қызметкерлер онлайын жұмыс жасауды бастады. Ал, оқушылар мезгілінен ерте демалысқа шығып, студенттер қашықтықтан оқуға көшті.

 

 Назерке Үкібасова