Жұмысын тоқтатқан тойханалар салық төлей ме?

192

Тұрғындар тойдан тайынбағанымен, тойханалар жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Солардың бірі қаладағы 3 тойхананың иесі Тоты Әріпжанова. 20 жылдан бері тойхананы кәсіпке айналдырған ол коронавирус кесірінен шығынға батқалы отырғанын айтады. Себебі тойхана жұмысы тоқтатылғанымен, салық тоқтатылмапты.

Тоты Әріпжанова, тойхана иесі: «Коронавирус бізге біраз шығын келтірейін деп тұр. Себебі аты жаман індетке байланысты біз өз жұмысымызды тоқтаттық. Бірақ, жоғарыдан тойханалар жабылсын деген бұйрық келгенімен, салық жайлы мәселе әлі талқыланған жоқ. Егер біз той өткізбесек, салықты қалай төлейміз? Осы сұрақ ашық күйінде қалып отыр».

Аталған сұрақтың жауабы әлі нақты берілмесе де, үкіметтегілер оған байланысты ұсынысын білдірді. Бірақ, заң өкілдері оған байланысты шешім шығарған жоқ.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі: «Кейбір ШОБ санаттары үшін салықтық ынталандыру көзделуде. Бұл дегеніміз ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорт нысандары. Бұл санаттағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін бір жыл мерзімге мүлік салығынан босату ұсынылады».

Назерке Үкібасова