Мақталы көшесіндегі үй оқшауланды

135

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданындағы Мақталы көшесіндегі №120 а үйі де карантинге жабылды.

Тұрғындардың айтуынша бұл аумаққа жедел жәрдемнің келуі 3 күн бұрын жиілеген. Тек кеше түнде мұндағы 2- подеьзд тұрғындары оқшауланған. Ал, оған дейін олар емін-еркін жүріпті.

Мұны білген өзге тұрғындар енді өз денсаулығына алаңдаулы. Осылайша бүгіннен бастап бұл үй қоршауға алынды. Енді аумақ 15 күн карантинде болады деп күтілуде.

Назерке Үкібасова