Карантин кезінде табиғатта демалған әкім

273

 

Төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған. Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округінің әкімі аудан орталығында достарымен бас қосқан.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында карантин кезінде табиғат аясында демалған шенеунікке «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Ортақ ережеге бағынбаған окуг басшысы ауданда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның мүшесі болыпты.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде сынға ұшыраған бұл суретті «былтыр ел аман, жұрт тыныш кезде» түсірілген деп ақтағандар табылған-ды. Алайда, тиісті зерделеу жұмыстарының нәтижесінде бұл оқиғаның 9 мамырда, тура коронавирус дерті ушығып, карантин шектеулері қатаңдатылған тұста болғаны анықталып отыр.

Мақпал Рысбаева