Ордабасыда құйын көтеріліп, тұрғын үйлердің тас-талқаны шықты

444

Түркістан облысында тағы да апат орын алды. Бұл жолы Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округі, Аққойлы елді мекенінде құйын көтерілді.

Ал, бұл жағдайды ауыл тұрғындары видеоға жазып, желіге жүктеген. Бейнежазбада көрсетілгендей жаңбырлы желден кейін үйлердің шатыры ұшып, қоралар жаппай қираған.

Бірақ, жұрттың бұл сөзін әкімдік жоққа шығарып отыр. Сөздерінше, шығын көп емес. Тек 17 тұрғын үй мен 6 қора қопсының шатыры ұшқан. Бүгінде оларды жөндеу жұмыстары да басталып кетіпті. Материалдық шығын көлемін 4 млн. 500 мың теңгеге балаған әкімдік қаржы демеушілер көмегімен жиналатынын айтады.

Назерке Үкібасова