Балалардың терезеден құлап кету жайттарының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

336

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкерлері балалардың терезеден құлап кету жайттарының алдын алу мақсатында «Нұрсәт» мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғынүйлерді аралап шықты.

Ондағы жергілікті тұрғындарға сақтық шараларын күшейту жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелерінің жиынтық жадынамасын таратты. Шара барысында ата-аналарға әсіресе кішкентай балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмау қажеттілігі түсіндірілді. Себебі, терезеден абайсызда құлап кететіндердің басым бөлігі 2 мен 8 жас аралығындағылар. Сондықтан, сақтық шараларын қатаң сақтау қажет!