Президент әкімдерге сөгіс жариялады

124

 

Президент бірнеше әкімге сөгіс жариялады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды.

Айтуынша, Мемлекет басшысы Ақтөбе, Павлодар облыстарын, ведомствоаралық комиссияның төрағасына сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке де жұмысына салғырт қарағаны үшін сөгіс жариялады.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақпал Рысбаева