Шабдалыдан 20 миллион пайда тапқан

223

 

Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінде орналасқан «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының жалпы аумағы 8 гектарды құрап отыр. Мұнда 12 соттығына лимон ексе, 2 гектарына шабдалының » Супер Лала » спортынан 1000 мың түбі егілген.

«Әр түптен орта есеппен 50-60 килограммға дейін өнім алуға болады. Жиналған өнімдердің барлығын көтерме бағада Жетісай ауданына және еліміздің өзгеде өңірлеріне жөнелтіп отырамын. Жақсылап еңбектенсе қарқынды баудың пайдасы өте көп» дейді шаруа қожалығының төрағасы Мұратбек Жұмабек.

Қосымша айта кететін болсақ, қожалықтың өзге жерлеріне жүгері, қызанақ, қияр, картоп , секілді бақша дақылдары егіледі.

 

QAINAR KÓZЖетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі