Шымкентте 14 прокуратура қызметкерінен коронавирус анықталды

153

Шымкенттегі Әл Фараби ауданынан 14 прокуратура қызметкерінің қауіпті инфекцияға шалдыққаны белгілі болып отыр.

Қазір COVID-19-ға шалдыққан қадағалау органы қызметкерлерімен байланыста болған азаматтар іздестіріліп жатыр. Бүгіннің өзінде 48 азаматтың вирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болғаны анықталды дейді салаға жауаптылар. Қазір олар емдеу мекемелерінің қадағалауында.

Талғат Серманиязов, Әл Фараби аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы: «Прокуратура онлайн режимде жұмыс істеуге көшті. COVID-19-ға шалдыққандармен 31 адамның тығыз қарым-қатынаста, 17 адамның ықтимал қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардан 1-7 күндері анализ алынады. Теріс нәтиже көрсеткен жағдайда жұмыс істеуге рұқсат беріледі».

Мақпал Рысбаева