Мәдени шараларға бөлінген қаржы медицинаға жұмсалады

150

Ойын- сауық, мәдени шаралар мен қызметтік іс-сапарларға бөлінген қаржыны депутаттар аса қажетті денсаулық сақтау, білім салаларына бағыттады. Бұл онлайн режимде өткен қалалық мәслихатының кезектен тыс 68-ші сессиясында бюджет нақтылану барысында белгілі болды.

Сессияның күн тәртібіне енгізілген екі мәселенің бірі «2020-2022 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Карантинге байланысты мәдениет шаралары, қызметтік іс- сапарлар, материалдық -техникалық базаны нығайтуға бөлінген қаржылар қайта қаралып, келесі салаларға бағыттау жобасы депутаттардың қарауына ұсынылды.

Рахымберді Мүлкеманов, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы: «Медициналық мекемелердің материалдық -техникалық базасын нығайтуға 3 млрд. 359 млн. теңге қарралуда, азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге 219 млн, Білім саласының МТБ нығайтуға 989 млн. теңге. Көпқабатты тұрғын үйлердегі ескірген лифтерді алмастыруға 111 млн. Жол қауіпсіздігін қамту бойынша150 млн. теңге қарастырылуда. Бюджет жобасын  қолдауларыңызды сұранамыз».

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, қауіпті індетпен күресу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында халық хабардар ету қажет», деп есептейді бірқатар депутаттар.

Еркін Сатқанбаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты: «3 млрд. 359 млн. теңгеге тыныс алу аппараттары сатып алынады. Соларды қай аурханаға орнатылғаны жайлы біз халыққа көрсетуіміз керек. Ауру тоқтаған жоқ 3-ші толқын болады деген … Бұл бүкіл әлемде болып жатқан жағдай. Сондықтан барлығымыз бірігуіміз керек».

Онлайн режимде өткен сессияға қатысқан қала әкімі түсіністік танытып, қолдау көрсеткен халық қалаулыларына алғысын жеткізді.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Қиын кезеңде қолдау көрсетіп жатырсыздар, рахмет. Бюджеттің шығыс бөлігін қайта қарап, аса қажет ететін әлеуметтік салаларға  жұмсауды ұйғардық».

Сессия, тұрақты комиссиялар отырысында айтылған сын ескертпелер мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, қаланың басты құжаты бюджет бекітілді. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы мәслихаттың алдыңғы шешімінің күші жойылды.

Шынар Оразова