Шымкентте пандемиямен күреске 11 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған

190

Шымкент қаласында пандемиямен күреске бас-аяғы 11 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы бүгін қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рақымберді Мүлкеманов мәлімдеді.

Бұл қаржыға емдеу мекемелерінің материалдық техникалары жаңартылып, КОВИД – 19 инфекциясымен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталды.

Алдағы оқу жылының қашықтықтан ұйымдастырылуына орай балалардың ыстық тамағына жұмсалуы тиіс қаражат та қысқартылып отыр. Алдағы уақытта 989 млн. теңгеге компьютерлер сатылып алынады.

Мақпал РЫСБАЕВА