Шымкенттегі ағаш базарында өрт шықты

244

Кезекшілік-диспетчерлік «101» пультіне 2020 жылғы 17 шілдеде сағат 12.15-те Әль-Фараби ауданы, Қайтпас-2 мөлтек ауданында н/з Сырым батыр көшесі бойында орналасқан №4 ағаш базарында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Базар ауласында ашық алаңда көлемі 290 ш.м. жиналған ағаш жанған. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өрт сағат 12.52-де оқшауланып, сағат 13.42-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімдерінің 8 техникасы, жеке құрамында 51 адам жұмыс атқарды. Қосымша жергілікті атқарушы органдары тарапынан 3 су тасығыш көліктері де жұмылдырылды.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы