Төлеби ауданы әкімінің жалақы мөлшері белгілі болды

574

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен күресте, ашықтық қағидаты түйінді фактор болып табылады.

Мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығын қамтамасыз етудің тағы бір құралы, ол жария ақпаратқа қолжетімділік.

Осыған орай, «Қоғам өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы» акциясы аясында Төлеби ауданы әкімінің, аудан орынбасарларының, қала, ауылдық округ әкімдерінің және мемлекеттік мекемелері бірінші басшыларының айлық жалақылары бойынша ақпаратты жариялаймыз.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан әкімі Б.Омарбековтың жалақысы — 330 580, орынбасары Л.Серікбаевтың жалақысы — 200 680, Леңгір қаласының әкімі Б.Әділбековтың жалақысы — 306 512 теңге екендігі жарияланды. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдерінің, әкімдікке қарасты бөлім басшыларының жалақыларына дейін көрсетілген.