Шымкентте демалыс күндері автобустар жүрмеуі мүмкін

195

Шымкентте карантин режимі 23-ші  қарашаға дейін ұзартылды. Себебі, шаһарда санитарлық талаптар толық орындалмауда, қоғамдық көліктегі былықтар да тыйылар емес. СЭС мамандары бұл жайттан хабардармыз деп отыр. Дегенмен қаншама түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, жолаушылар қауіпсіздік шараларына құлақ асар емес.

Енді жауаптылар бұлай жалғаса берсе, автобустардың жұмысына да шектеу қойылуы әбден мүмкін деп отыр.

Жұмабек ЕРЖАНОВ, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары: «Жолаушылар  санитарлық талаптарды  сақтамаса үйде отырсын. Бұзушылықтар көп орын алса әр екі апта сайын қаулы қатаңдап жатыр. Бетперде кимей, қашықтықты сақталмаса қоғамдық көліктердің демалыс күндерінде жұмыс істеуіне тыйым салынуы мүмкін».

Сондай-ақ, Шымкентте алдағы екі аптада базарлардың демалыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Ал дүйсенбі мен жұма күндері аралығында онда санитарлық талаптардың орындалмай жатқаны да жасырын емес дейді департаменттегілер.

«Біз де көріп жатырмыз түске дейін барлығы маскамен, температура өлшенеді, түстен кейін сақталмайды Ол бойынша мобильді топтар тексереді бірақ олардың шамалары келмей жатыр ма?»,-дейді  Жұмабек ЕРЖАНОВ.

Әзірге эпидемиологиялық жағдай бойынша Шымкент жасыл аймақта. Алайда босаңсуға болмайды дейді мамандар. Тексерулердің қорытындысы бойынша шаһарда 803 жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 54 млн. теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл жерлестеріміздің талаптарға селқос қарайтынының белгісі.

Шынар Оразова