Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 74 адамға шағын несие берілген. Сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 5 мыңға жуық азаматқа 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант берілді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамтуды барынша жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, қалада «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2807 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 237 жоба нақтыланып, 8 мыңнан астам азаматқа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 4491-і халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылған.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі