Түркістан: 2 мың дана құран кітабын тарту етті

465

Облыстық Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи мешітіне 2 мың дана Құран тарту етілді. Игі іс Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы елшілігі мен Азия мұсылмандары Комитетінің еліміздегі өкілдігінің бастамасымен жүзеге асырылды. Бұл Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Баспадан қазақ тіліндегі тәржімасымен шыққан қасиетті кітапты аудан, қала, ауыл мешіттеріне және медресе-колледждер мен кітапханаларға үйлестіріледі.

Айта кететіндігі, «ҚҰРАН КӘРІМ қазақша түсіндірмелі аударма» кітабы министрлік пен Мүфтияттың арнайы мақұлдауынан өткен.

Еркін ПОЛАТОВ, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша зекет өкілі: «Құран араб тілінде жазылғандықтан төте жазуды ұстанатын елдердің мұсылмандары намазда тұрғанда егіліп жылайды. Құранның мағынасын түсінетін адамның Алланың ескертулерін оқығанда көзіне жас алмауы мүмкін емес. Елімізде дін атын жамылған ағымдарға ергендер Құранның мағынасын білмегендіктен адасып жүр. Құранның тілін білгенімен, мағынасын түсінбей қиындыққа душар болған».

Нұрлан Сұлтанбек

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі