Түркістанда жаңа жылдық шырша орнатылуда

241

Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов хабарлады.

– Біраз уақыт алдын қала тұрғындарының ой-пікірін білу мақсатында арнайы сауалнама жариялаған едік. Көптеген жерлестеріміз қазіргі ахуалды түсіне мерекелік іс-шаралардың болуын құптамайтынын, дегенмен “шырша және безендірілу жұмыстары қиын кезеңде бір қуаныш сыйлар еді” деген көзқарастарын білдірген. Бұған қоса, бөлінген қаражатты көмекке зәру, ерекше қажеттіліктері бар балаларға берілуі керек екені жайлы да көп жазылған еді.

Сіздердің, көпшіліктің пікірін ескере бүгін шыршаларды орналастыру жұмыстарын бастадық. Әкімшілік-іскерлік орталық және “Гүлдер” саябағы аумағында былтырғы шыршалар орнатылып, безендірілмек. Қосымша, қала бойынша әр кәсіпкер немесе тұрғын, қалауына қарай, өзіне қарасты аумақты безендіре алатынын да айтқым келеді.

Ал бұл мақсаттарға ертеректе бөлінген қаражат киелі қаламыздағы ерекше қажеттіліктері бар бүлдіршіндерге сый-сыяпат алып, жерлестері атынан тағы бір мәрте қуанту үшін қолданылатын болады.