Еріктілер көше тазалықшыларына дәмханада дастарқан жайып, құрмет көрсетті

223

Шымкент қаласында еріктілер «ЛТД – Тұрмыс» ЖШС-нің тазалық бөлімі қызметкерлеріне орталық мешіт жанындағы «Мумтаз» дәмханасында дастарқан жайып, құрмет көрсетті.

Қыстың қақаған суығында, жаздың аптап ыстығында таң атпай көше сыпырып, бейнеттенетін нағыз еңбек адамдары қандай құрметіңізге болса да лайық.

Қара суықта қар күреп, көктемде көшелердің гүл жайнап тұруына тер төгетін тазалықшылар бүгін құрметке бөленді. Қарапайым жұмысшылардың еңбегі еленген күн болды.