Суицидтен құтқарып қалды

132

2021 жылдың 28 қаңтарында сағат 19:00 шамасында Ұ.Арғынбеков пен Қ. Қазиев көшелерінің қиылысында кезекшілікте тұрған Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің 7-рота №942-ші автоэкипажының қызметкерлеріне азаматтар келіп, Дендробақта өз-өзіне қол жұмсамақшы досын іздеп жүргендерін хабарлады.

Хабарлама бойынша, Патрульдік полиция полкінің екі автоэкипажы саябаққа келіп, бүкіл аумақты жедел аралай бастады.

Полиция қызметкерлері жігітті беседканың жанынан тауып, онымен диалог орната бастады. Тәртіп сақшылары жігітке барынша жақындаған кезде, ол беседканың қоршауына көтеріліп, мойнына жіп іліп секіреді.

Үйлесімді жұмыс пен кәсіпқойлықтың арқасында полиция лейтенанты Асылбеков Алибек, полиция аға лейтенанты Молдахожаев Тұрар, полиция майоры Утеулиев Мұхит және полиция аға лейтенанты Абдукаримов Ескендір оны көтеріп, жіпті үзіп, төмен түсіреді. Азамат ауруханаға жеткізілді.

Тексеру барысында жігіттің бұл қадамға баруына қызымен жанжалдасуы себеп болғаны анықталды.

QAINAR KÓZ Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі