Түркістан: Жаңа жыл түні 59 нәресте дүниеге келді

560

Түркістан облысында жаңа жыл кіріп келген түні 59 сәби жаңа жылда дүние есігін ашты. Яғни, өткен жылдың желтоқсанының 31-інен 2021 жылдың 1 қаңтарына қараған түні аймақта 59 нәресте туылды.

Айтулы күнге тұспа-тұс өмірге келгендердің ішінде 38-і ұл, 21-і қыз бала. Қазіргі таңда мереке күні босанған аналар мен сәбилердің жағдайы дәрігер бақылауында.

Айта кететіндігі, Түркістан облысы елімізде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр. Мереке мерейін асырып, дүниеге келген әр перзент азат елдің тумысы ерек, ғажап ұл-қызы болып өскей!

Нұрлан Сұлтанбек