Түркістан: Жол құрылысы бойынша 144 заңбұзушылық анықталған

165

Пара алған судьялар мен құқық қорғау орган қызметкерлері үшін жаза күшейтілді. Енді ауыр және аса ауыр жемқорлықпен сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайды.

Заңның осындай жаңалықтарымен бөліскен облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі брифинг өткізді. Департамент басшысының орынбасары Мирас Қарғабайдың айтуынша бұдан былай ауызбастырық алып, абақтыға жабылғандар жазасын барынша қатаң және орташа дәрежедегі мекемеде өтейтін болады.

Бұдан бөлек, жауаптылар жол құрылысындағы жемқорлық жайын да баяндады. «Адалдық алаңы» жүргізген мониторинг нәтижесінде 114 заңбұзушылық анықталған. Осы уақытқа дейін оның 97-і яғни 86% қалпына келтірілген. Ал қалғандарының атестаттары тоқтатылыпты.

Назерке Үкібасова