Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау: Тексеріс жұмысына тарихшылар ауадай қажет

203

Қуғын-сүргін құрбандары жаппай ақталады. Бұл үшін қаламыздың арнайы жасақталған комиссия мүшелері бас қосты.

Қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан бастаған топ алдымен жұмыс барысымен таныстырды. Аталған міндетті ардың ісі деген жауаптылар тексеріс жұмысына тарихшылардың ауадай қажет екенін айтады.

Айта кетейік, солақай саясат кесірінен елімізде 100 мыңға жуық азамат қуғын-сүргін құрбаны атанған еді. Оның 20 мыңға жуығы ату жазасына кесілген. Жазықсыз жала жабылған бұл жандарды ел президенті қуғын сүргін құрбандарын еске алу күнінде жаппай ақтауды тапсырған болатын.

Назерке Үкібасова