Бір аптада екі бүлдіршін ыдыс жуғыш химиялық сұйықтықтан уланған

258
фото SN.kz

Шымкентте бір аптада екі бүлдіршін тұрмыстық химиялық жуғыш затқа уланып ауруханаға түскен. Осылай деп дабыл қаққан дәрігерлер ата-аналарды сақ болуға шақырады.

Сөздерінше, кішкентайлар қазан жуғыш сұйықтық ішіп, салдарынан асқазаны күйіп қалған. Ал, оның кесірі уксус қышқылынан да ауыр болуы мүмкін. Осылай деген дәрігерлер мұндай жағдайда сәбилерге ота жасалуы да ғажап емес дейді.

Естеріңізде болса, өткен жылы қалада кішкентай бала калия перманганатын, яғни марганцовка ішем деп жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Осыдан кейін бензин ішкен тағы бір кішкентай шымкенттік өлім аузынан қалған. Медицина мамандары мұндай жағдайдан кейін балалар аман қалғанымен олардың ішкі құрылысы біраз күтімді талап ететінін ескертеді.

Назерке Үкібасова