Шымкентте 11 жасар балаға қазық қадалып қалды

268

Шымкентте 11 жасар оқушы ойнап жүріп абайсызда құлап, салдарынан сол жақ өкпе тұсына қазық кіріп кетті. Бала жақын жердегі №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Шамамен 15-20 сантиметрлі қазық кіріп кеткен оқушыға дереу ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті аяқталған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бір қалыпты. Ақ халаттылар ата-аналарға балаларына баскөз болып, сақ болуға шақырады.

Жаз мезгілінде осыған ұқсас оқыс оқиғалар саны артады. Дәрігерлер, ата-аналарға барынша балаларына баскөз болып, сақтанып жүреге шақырады.