Ағасының шөбін өртеп жіберген қаскөй ұсталды

167

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер азаматтың айтуынша күндізгі сағат 14:30 шамасында үй ауласында жинаулы тұрған шөбі өртеніп кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 200 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Ауданның тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні анықтап, ПБ-ға жеткізді. Тергеу барысында күдікке ілінген ер азамат, жәбірленушінің інісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай ағайынды екеу өзара шөпті бөлісе алмаған. Содан арада кикілжің туып, күдікті соның салдарынан шөпті өртеп жіберген.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ірілі-ұсақты бұзақылықтар, тәртіпсіздіктер жасамай дұрыс жүріп-тұрыңыздар деп ескертеді. Әсіресе өзгенің мүлкіне тиіспеуді және әр нәрсенің өтеуі барын ұмытпауға шақырады.

QAINAR KÓZТО ПД-ның баспасөз қызметі