Жетісай ауданы Маңғыстау облысына 74 тонна шөп жіберді

307

Қазақ халқының өзгелерден ерекшеленіп тұратын ең ізгі қасиеттерінің бірі қайырымдылық екені даусыз. Осы уақытқа дейін елде қандай қиын жағдайлар орын алғанына қарамастан.

Біздің ел жұдырықтай жұмыла жұмыс істеп, көптеген қиын-қыстау кезеңдерді артта қалдырды. Көпке ұзамай ақ кешегі «Арыс оқиғасы» мен Мақтаарал ауданындағы су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтарға бүкіл ел болып көмекке келген еді.

Бұның барлығы елдегі ауызбіршіліктің арқасында болып жатыр. Жауын-шашын аз түсуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында мал азығы шөптің жеткілікті мөлшерде шықпай қалуына байланысты, қиындық туған еді.

Осындай қиын кезеңде қол қусырып отырмай демеу көрсетуді ойластырған Жетісай жұртшылығы 74 тонна пресс шөпті батыс жұртына жөнелтті.

QAINAR KÓZЖетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі