Шымкенттің кіре беріс қақпасы ретке келтірілді

149

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері қала еріктілерімен бірге Шымкенттің кіре беріс қақпасына сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Қаламыздың символдарының біріне айналған «Кілттің» айналасындағы шөп орылып, қураған бұталар қырқылды. Аумақта сыпыру, қоқыс шығару жұмыстары атқарылды.
Сондай-ақ, аяқжолды жауып қалған тастар арнайы техника көмегімен қауіпсіз жерге сүрілді.

Қала қонақтары еркін жүріп серуендеуі үшін аяқжолдар жуылып, орындықтар орнатылды.

Аталған тазалық жұмыстарын жүргізуге Әл-Фараби ауданының 30 қызметкері, Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің еріктілері, «Build stroi» ЖШС-ы, «Назар» ЖШС-ы, «Айдынбек» ЖШС-ы атсалысты. Сенбілікке 160-тан аса жұмысшы, 16 арнайы техника жұмылдырылды.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі