Түркістан: “Кәсіпкерлік қырандары» 8 жоба іріктелді

116

Түркістан облысында бастау алған «Кәсіпкерлік Қырандары» әлі жалғасуда. Айта кетейік, бұл Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырған ерекше форматтағы жоба.

Отандық инвесторлардың көмегімен стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектерін, ұтымды бизнес жобасы бар кіші кәсіпкерлерді менторлық, инвестициялық, инфрақұрылымдық қолдауға бағытталған.

Қазіргі уақытта бірінші маусымында инвестицияға қол жеткізген кәсіпкерлердің жобалары жүзеге асып, кәсіптері дамуда. Ал екінші маусымға қатысуға жалпы саны 170-ке жуық өтінім түссе, оның ішінде 8 жоба жоғары деңгейде бағаланып, іріктеуден өткен.

Қатал сараптаудан соң финалға шыққан жоба авторлары инвестиция үшін күресте өздерінің бірегей бизнес – идеяларын ортаға салған. Инвестиция және менторлар үшін күресте үміткерлер цифрлық аудио кітаптарды қазақ тілінде ұсынатын мобильдік қосымша, арболит блогын шығару, омарташылық, балалар ойын сауық орталығы, медиа саласында комплексті қызмет көрсететін мектеп ашу сынды бірқатар жобаларымен таныстырды.

Нәтижесінде инвесторлар мен қатысушылар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша келісімге келді.