Қала әкімі тұрғындарды онлайн қабылдады

153

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды өтініш-тілектері бойынша онлайн қабылдады. Қабылдауда болғандар бірнеше мәселелерді көтеріп, өз арыздарын жеткізді.

Олардың арасында «Ұлағат» шағынауданы Қ. Спатаев көшесінің тұрғыны су мен жарыққа қатысты өз шағымын жеткізген болатын. Бұл сұранысқа байланысты Мұрат Әйтенов онда стандартқа сай емес құбыр болғандықтан артық қысымды көтермей, ақау орын алғанын түсіндірді.

Сондай-ақ, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасына сәйкес, осы жылы тамыз – қыркүйек айларында тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңартылатын алға тартты. Ал жарықтандыру мәселесі күзде шешімін табады. Қала басшысы Еңбекші ауданының әкіміне осы мәселе шешімін тапқанға дейін жеке бақылауына алып, тұрғынмен кездесуді жүктеді.

Онлайн қабылдау барысында сонымен қоса, тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жер мәселесі де көтерілді. Қала әкімі тұрғындардың арыз-шағымы назардан тыс қалмай, заңды және жоспарға сай шешіледі деп уәде етті. Аудан әкімдеріне тұрғын алаптарды аралап, биыл және алдағы жылы жасалатын жұмыстарды тұрғындарға жүйелі түрде түсіндіріп отыруды тапсырды.

 Ақмарал Айтбаева