Шымкенттегі көп қабатты үйдің ауласында ер адамды соққыға жыққан

55

Шымкент қаласы Қабанбай батыр көшесі №8 үйдің ауласында жас жігітті соққыға жыққан. Бұл туралы біздің телеарнаға жәбірленушінің айқайынан көмекке келген  көршілері хабарлады.

Сәтін салғанда, оқиға орын алған маңнан жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатқан. Дәрігерлер жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, басынан жарақат алды деген диагноз қойды.

«102-ге қоңырау шалғаннан кейін полиция келді. 103 және 102 нөмірлеріндегі көршілердің қоңырауларын операторлар жазып алды. Жігітке обал. Ұқыпты киінген, бұзақыға ұқсамайды, егер мүмкін болса, ауруханада оның жағдайын бақылауға алсаңыздар», – дейді куәгерлер.

Ауруханада жәбірленуші полицияға өзінің танысымен ұрысып қалғанын түсіндіріп, тексеруден өтуден және арыз жазудан бас тартқан.

Дәрігерлердің айтуынша, жас жігіт бірінші қалалық клиникалық ауруханаға түскен, жағдайы орташа ауырлықта, бас миының зақымдануы, жеңіл жарақаты бар.