2021 жылдың 12-шілдесінде Шымкент қаласы Абай ауданында «Аяулым» бала-бақшасынан өрт шығып жатыр деген хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына ең алдымен, сол әкімшілік аумаққа қарасты учаскелік полиция инспекторы келіп жетеді.
Өртенген үйдің жанында бала-бақша орналасқандықтан, өрттің жалыны сол жаққа қарай бағытталады.
Абай АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Тимур Құрмашов өртке оранған үйге бірнеше қайтара кіріп, зардап шеккен адамдарды бірінен соң бірін сыртқа шығарып, өмірлеріне араша болды. Өрт сөндірушілер мен жедел-жәрдем бригадасы келіп жеткенге дейін полиция капитаны бала-бақшадағы 25 бүлдіршінді өрттен аман алып қалады. Қазіргі таңда өрттен зардап шеккендер жоқ.
Учаскелік полиция инспекторы Тимур Құрмашев өз әрекетін: «Үйдің шатырынан өрт шығып жатқанын көріп, адамдарды құтқару керек деп ойладым. Өртеніп жатқан үйдің бала-бақшаға жақын орналасқанына байланысты, ең алдымен ондағы балаларды қауіпсіз жерге көшіру болды», -дейді.
Өз кезегінде, өрттен аман қалған тұрғындар полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.