«Қырғы базарда» өрт шықты

242

 

Шымкент қаласы Төле би көшесіндегі «Орталық қырғы базар» ЖШС аумағында 2021 жылғы 27 тамызда 20 сағат 22 минутта «101» пультіне 4 сауда бутиктерінің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Осы хабарлама бойынша 20 сағат 23 минутта №1 БИС (қосымша күштер мен құралдар жіберіледі) шақыру бойынша күштер мен құралдар жіберілді.

Алғашқы өрт сөндіру есептоптары келген сәтте 20 сағат 27 минутта базар аумағында дәріхана, 2 азық-түлік бутигі және тұрмыстық химия бутигі жанып жатқандығын анықталды. Өрттің жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіруге 20 сағат 29 минутта кірісті. 20 сағат 35 минутта өрт оқшауланып, 21 сағат 15 минутта сөндірілді. Учаскелерді сумен жабдықтау объектінің аумағында орналасқан өрт гидранттарынан және Төле би көшесі бойында 100 м қашықтықта орналасқан жақын жердегі өрт гидрантынан жүзеге асырылды.

Өрттің себептері мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда.

Шымкент қ. ТЖД 34 қызметкері мен 8 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері және 1 бірлік техникасы, Полиция департаментінің 15 қызметкері және 5 техникасы, энергетика қызметінің 1 авариялық бригадасы жұмылдырылды.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы