Биыл халықтың банкке уақытында төлмеген кредиті шамамен 40 пайызға қысқарған. Ұлттық банк мәліметінше, тұрғындар 1 трлн. теңгеден аса қарызды мерзімі 90 күннен асып кетсе де, қайтармай жүрген.
Биыл төленбеген несие мөлшері 524 млрд. теңгеге азайды. Дегенмен, екінші деңгейлі банктерге әлі қайтарылмаған ақша 800 млрд. теңгеден асады. Әсіресе, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысының тұрғындарында мерзімі өткен кредит көп. Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысында, керісінше, банкке берешек адамдар аз.
Шынар Оразова