Түркістан облысы, Жетісай ауданында балық шаруашылығы дамып келеді. Бүгінде Жетісайдың балығы Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстан елдеріне экспортталып, кәсіпкерлер табыстарын арттырып келеді.
Мәселен, Мақталы ауылдық округіне қарасты Шолпанқұдық ауылында орналасқан «Сүндет» шаруа қожалығы дөңмаңдай, амур, сазан сынды 1 млн 300 дана балық шабақтарын өндіріп, өсіруде.
Бүгінде жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұрған Түркістан облысында тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл бар. Оның ішінде 88-і жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген.
Мөлдір Ибадуллаева