130 ел дүниежүзілік салық туралы келісімге келді

69

130 ел дүниежүзілік салық туралы келісімге келді. Яғни, Facebook, Apple, Google, Amazon сынды бүкіл әлемде қызмет көрсететін алпауыт корпорациялар табысымен бөліседі. Құжатты 140 елдің 136-сы қолдады.

Есеп бойынша салықтан 125 миллиард доллар қаржы жиналып, мемлекеттер арасында бөліске түседі. Сарапшылар мұны 21-ғасырдағы «салық төңкерісі» деп атады. Десе де, кедейлікпен күрес жүргізетін Oxfam халықаралық ұйымы салықтың 15 пайыз  көлемінде белгіленуін әділетсіз деп, келісімді сынға алды.

Олардың айтуынша, бұл тым аз. Салықтан түскен қаржы кедей елдерге мүлде жетпей қалуы мүмкін.

Шынар Оразова