Миллион ұтқан мұғалім ақшасын мектеп қажеттілігіне жұмсамақ

178

«Қазақстан мұғалімі -2021» конкурсына Түркістан облысы Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №68 С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махатова Айман Ашеновна қатысып, «Barine Bilim»атты 30 шағын грантының 1000000 теңге грант ұтып алды.

Махатова Айман бөлінген грантты аталған мектептің ішкі көгалдандыру жұмыстарына және кабинетті жабдықтауға жұмсауды жоспарлап отыр.