Такси қызметін ұсынатын компанияларды тексеру басталды

73

Такси қызметін ұсынатын компанияларды тексеру басталды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаға мониторинг жүргізеді. Компаниялардың қанша қызмет көрсеткенін анықтап, тарифтеріне талдау жасайды. Жолаушыларды тасымалдау қызметін ұсынатын мобильді қосымшаның комиссия мөлшері де есептеледі. Агенттік заң талаптары бұзылған жағдайда, монополияға қарсы шара қабылданатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар такси тарифтерінің тым қымбат екенін айтып, шағымданған.

Шынар Оразова