Тендерде заңсыздық тыйылар емес…

85

Тендерде заңсыздық тыйылар емес. Биыл мемлекеттік сатып алуға қатысты 32 мыңнан аса заңсыз әрекет анықталған. Құны 155 млрд. теңгеге жуық қаражатқа қатысты заң бұзушылық тіркелді.

Комитет өкілдерінің айтуынша, оның 10-нан астамы жымқыру фактісі. Ал қалған ақша тендерді өткізгенде есепшілердің қателігінен артық, не кем саналған.

Сонымен бірге, тауар тасымалы кезінде де қаржы дұрыс есептелмеген. Мамандар қазір 123 млрд. теңгеге жуық соманың бюджетке қайтарылғанын хабарлады. Жалпы биыл 6 трлн. теңгеге жуық 675 мыңнан аса мемлекеттік сатып алу өткізілді.

Шынар Оразова