«Ұлттық халық санағы»: Шымкентте қатысу белсенділігі төмендеген

79
фото бақ.кз

«Шымкентте халық санағына қатысу белсенділігі төмендеген». Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков мәлімдеді.

Жұмыс қарқынын қатаң сынға алған ол аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларына Ұлттық статистика бюросы департаментінің мамандарымен өзара бірлескен жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Ал департамент басшысы тұрғындар тарапынан есік ашпау, дөрекілік таныту, сауалнамадан бас тарту секілді кедергілер орын алып жатқанын жеткізді.

Мамандар қала жұртын алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды науқанда белсенді болуға шақырды.

Айта кетейік, үшінші мегаполистің 22 пайызы халық санағына онлайн форматта, яғни интернет желісі арқылы қатысқан. Ал дәстүрлі санақ 1-30 қазан аралығында өтеді. Сондай-ақ, 15-ші қазанға дейін sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн санақтан өтуге де мүмкіндік бар.

Мөлдір Ибадуллаева